Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы: жол бөлігін белгіленбеген жерден өтетін жаяу жүргіншілер – жол қауіпсіздігіндегі басты қатер

Бір ай ішінде Алматы облысы орталығының жолдарында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер жол берген 50-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша сараланады. Бүгінгі таңда қала бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басты тірек жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібіне қойылады.

Сонымен қатар, жүргізушілер құрамының өтпе қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолында ережелерді сақтауына бақылау күшейтілді. Патрульдік полиция нарядтары адамдар көп шоғырланған, жол бөлігін белгіленбеген жерден өтетін тұрғындар анықталған жерлерде кезекшілік етеді.

– Бұл істе біздің басты міндетіміз-жол жағдайын жақсарту және жол қозғалысына қатысушыларға ҚР Жол қозғалысы ережелерінде белгіленген талаптарды тағы да еске салу. Біз практикалық шараларға баса назар аударудамыз. Оң нәтижелер де бар, – дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.


Төрт ай ішінде Талдықорған жолдарында жаяу жүргіншіні қағып кеткен 22 дерек тіркелген, бұл оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 21 адам жарақаттанған.

– Жаяу жүргіншілер-бұл жол қозғалысының толық құқылы қатысушылары, яғни ЖҚЕ мен әкімшілік заңнаманың талаптары оларға да қатысты. Өкінішке орай, бұл жауапкершілікті әрбір адам сезінбейді және белгіленбеген жерден жол бөлігін жүгіріп немесе жаяу өту арқылы қылмыстық салғырттыққа жол береді. Белгіленбеген жерден жүріп өткен бір ғана құқық бұзушылық үшін, тұрғындарға 2 АЕК мөлшерін құрайтын ең төменгі айыппұл салудан үш тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылатынын еске саламыз, – деп толықтырды Асқар Нұрсапа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру