Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебінде тұрған 21 адам сот жүктеген міндетті орындамаған

«Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық іс-шарасын орындау барысында, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеру жүргізді – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күні бүгінге дейін есепте тұрған 280 сотталғанды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріп, олардың арасында жаза өтеу тәртібі мен шарттарын, яғни сот белгілеген міндеттерді орындамаған 21 құқық бұзушылықты анықтады.

– Осыған байланысты, есепте тұрған 4 сотталғанның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс және бір есепте тұрған сотталғанға қатысты қоғамдық жұмыстарды қамаққа ауыстыру туралы ұсыныс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Сонымен қатар, іс-шара кезінде есепте тұрғандарға жаза өтеу тәртібінің маңыздылығы туралы психологиялық консультациялар жүргізіліп жатыр. Жалпы, «Шартты түрде сотталған» жедел- профилактикалық іс-шарасы 25-маусымға дейін жалғасады, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор- психологы Камшат Ельтаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру