Індеттің алдын алу мақсатында жадынама қағаздарын таратты
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық пробация қызметі Бесқарағай ауданының «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе бүкіл әлемде болып жатқан індеттің алдын-алу жолдарымен тұрғындарға таныстыру жадынама қағаздарын таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннен-күнге жұқтырған науқастар саны өсуде. Сол себептен әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті.
– Біз аудан тұрғындарын көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн екендігін, қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланулары керектігін түсіндірдік, – деді Бесқарағай аудандық пробация қызметінің инспекторы Әсем Әскербек.
Алдағы уақытта КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр.