ШҚО-да 10 мың қорғаныс костюмдерін сотталғандар тіге бастады
Қазіргі уақытта «Еңбек-Өскемен» РМК кәсіпорны облыстың түзеу мекемелерінде 800-ден астам сотталғандарды жұмысқа орналастырып негізгі жұмыс беруші болып табылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Короновирустың пандемиясы көптеген басқа ұйымдардағы сияқты кәсіпорын өндірісіне теріс әсер етті, алайда кәсіпорын өндірісті тез қайта бағдарлай алды, өйткені қолда бар тігін цехтарында көп реттік қорғаныш маскалар мен қорғаныш комбинезондар өндірісі игерілді, сондай-ақ дезинфекциялық тоннельдер өндірісі игерілді. Тек қорғау маскаларын кәсіпорын түзеу мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және облыс азаматтарының мұқтаждықтары үшін 400 мыңға жуық бірлік әзірледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорын 10 000 қорғаныс комбинезонын тігуге үшінші тарап тапсырысын алды.
– Өндірісті уақытылы қайта бағдарлау кәсіпорынға сотталғандар үшін жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, тек кәсіпорынның тігін цехтарында бүгінгі таңда 200-ден астам сотталған жұмыс істейді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.