Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте рейд жалғасып жатыр

Шымкент қаласында әндеттің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау бойынша Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулылары шығарылған. 

Осыған сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдттік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптыран елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады. Яғни 24 шілде сағат 02-28 шамасында Шымкент қаласы М.Х.Дулати көшесі №177 ғимаратында орналасқан «Shelby» кафесі жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабының 1-бөлігінің 22-тармақшасына сәйкес аталған мекеме басшысы жеке кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжат Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру