Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Мен өмірді қалаймын!» ұранымен есірткіге қарсы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасыжазғы демалыс кезеңінде іс-шаралар өткізу аясында «Мен өмірді қалаймын!» ұранымен  есірткіге қарсы өлендерді мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында өткізілді.

Жарыстың мақсаты – балалар  мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.   Байқауға қатысушылар өлеңдерді мәнерлеп оқу дағдыларын, сондай-ақ нашақорлық мәселесіне теріс көзқарасын көрсетті.

Байқау шарты бойынша сайыскерлер есірткіге қарсы өлең оқып тұрған видеосы мен тақырыпқа сәйкес фото суретін әзірлеп, «Instagram» желісіндегі өз парақшасына салып Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының парақшасын  белгілеу қажет болатын.

Барлық жас қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру