Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір күнде 5 мас жүргізуші анықталды

Демалыс күндері Ақтөбе облысының орталығында тәртіп сақшыларының саны артып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға Полиция департаментінің басқа бөлімшелерінің қызметкерлері де жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылданған шараларға қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлікті мас күйінде басқару фактілері бар.

2 тамыз сағат 15.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Красин көшесін патрульдеу кезінде 52 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Шевролет круз” автокөлігін тоқтатты, ол көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, “орта” дәрежедегі мас күйінде басқарған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы бір жағдай, сол күні патрульдік полиция қызметкерлері Қонаев көшесі бойымен Жангелдин көшесінің қиылысын патрульдеу кезінде 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Ваз-2114” автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көлікті “орта” дәрежедегі мас күйінде басқарған, көлік басқару құқығынан айырылған болып шықты. Автокөлік арнайы жолға тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осындай фактілер Алға және Мұғалжар аудандарында анықталды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі “Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңнама өзгерген сәттен бастап бұрын жүргізуші құқығынан айырылған көлік құралдарын басқарған 107 мас жүргізуші анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан және көлік басқару құқығынан айырылу түрінде жазаны көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру