Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адамға шабуыл жасаған жігіт ақшасын тартып алған

Қарағанды қаласында жігіт 45 жастағы ер адамға шабуыл жасап, ақшасын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ ЖБО-ға тонау туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 17.00-де белгісіз адам сауда үйінің бірінің жанында 45 жастағы ер адамға шабуыл жасаған және ашық түрде ондағы 15 мың теңге мөлшерінде қаражатты иемденген. Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ СДТТ нысанында ҚР ҚК-нің 191-бабы “Тонау” бойынша тіркелген.

3 тамызда криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде 24 жастағы жігітті анықтап және ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру