Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі тергеу изоляторында сотталғандарға құқықтық көмек беруде

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінің әлеуметтік психология және тәрбие бөлімі «Сенім тірек» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мекемедегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық тұрғыда заң аясында кеңес беруге арналған кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында «Сенім тірек» Қоғамдық бірлестігінің психолог маманы Ләйлім Бермағанбет пен заңгер Арайлым Сатканова, сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі қоғамға әлеуметтік бейімделулеріне жағдай жасау тақырыбында жазасын өтеушілермен әңгімелесті.

– Іс-шара барысында мекемеге шақырылған мамандардың әрқайсысы жаза мерзімін өтеуіне бір жыл қалған сотталғандарға олардың түзеу мекемесінен бостандыққа шыққаннан кейін қол жеткізе алатын көмек түрлерімен таныстырды.
Яғни, іс-шараның мақсаты- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың өмірінде бостандыққа шыққаннан кейін туындауы мүмкін проблемалардың алдын алып, олардың әлеуметтік бейімделулеріне көмек беріп, екінші қайтара қылмысқа барғызбау, алдын алу болып табылады, – дейді арнай контингент арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Арман Панабек.

Айта кету керек, мекеме басшылығы сотталғандарға аталған іс-шараны алдағы күндері әр апта сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру