253 армян көлігі Қызылордада тіркелді
Үш айдың ішінде 253 қызылордалық Армениядан әкелінген көліктерді тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысын сапалы іске асыру мақсатында 1 маусымнан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Ішкі Істер Министрлігінің қаулысына сәйкес көлікқұралдарын тіркеу алгоритмі әзірленді.
Қаулыда Армения Республикасында біздің азаматтарымызға тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстанға әкелінген бірқатар автомобильдерді төлемдерді, төлемей тіркеу көзделген.
Мұндай автомобильдерді тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
Үш айға жуық уақытта Қызылорда қаласының 253 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды ұсынып, 11946 теңге төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді.
Тіркелген автомобильдер Қазақстанда шектеусіз,техникалық байқаудан өту (жалпы тәртіпте) және көлік салығын төлеу мүмкіндігімен пайдаланылуы мүмкін.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call – орталығы (тел: 8-7242-29-77-44) арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тіркеу жұмыстарының таяп қалғанын ескере отырып, Қызылорда облысының Полиция департаменті Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді заңмен көзделген мерзімде тіркеп үлгерулеріңізді сұрайды.