Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен көзілдіктерді ұрламақ болған әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері дүкеннен көзілдірік ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ кезекші бөлімінің “102” пультіне дүкен сатушысынан көзілдірік ұрлауға тырысқан белгісіз әйелдің ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жігіт ұрыны өз бетінше ұстап алып, шақырту бойынша келген полицейлерге тапсырған.

Анықталғандай, жергілікті базардағы дүкендердің бірінен күдікті, төрт дана күннен қорғайтын көзілдіріктерді ұрлап, жасырынуға тырысқан. Алайда, сатушы мұны тез арада байқап қалып, дүкеннен шығып бара жатқан әйелді ұстайды. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде ұрланған заттарды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Шығын көлемі шамамен 20 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіге қатыстыешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше үйлерде, кеңселерде, дүкендерде және басқа үй-жайларда бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнатыңыздар. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру