Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің көлігін айдап кеткен жігіт Түлкібаста ұсталды

Кикілжіңнің кесірінен көршісінің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында «Ауди-80″ маркалы автокөлігін, көршісінің баласы рұқсатсыз айдап кетіп, қайтармағанын жазып көрсетеді. Осы жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді.

Аталған іс бойынша полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерге барып, тез арада  іздестіру жұмыстарын бастайды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірер сағаттың ішінде көлікті рұқсатсыз айдап кеткен күдіктіні ізін суытпай тапты.

Тергеу барысында көліктің иесі мен оның көршісінің арасында кикілжіңнің жиі туындайтыны және соның салдарынан сөзге келіп қалған көршінің баласы екінші көршінің көлігін әдейілеп айдап кеткені белгілі болды.

Бүгінгі таңда көлікті айдап кеткен күдікті жігіт өз кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың басшарасы қолхатта. Ол жергілікті тұрғын.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру