Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Шымкентте үйінен шығып, хабарсыз кеткен жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, туыстарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 тамыз күні Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жасөспірім баласының сағат 16:00 шамасында белгісіз бағытқа үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы арызданған.
Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел іс-шараларды жүргізді.

Нәтижесінде 29 тамызда сағат 7:30 шамасында жасөспірім табылып, туыстарына қайтарылды. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларының жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру