Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Қостанай облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмысты ашу, оның ішінде ізін суытпай ашу полицейлердің басты міндеті болып табылады. Күн сайын, тәуліктің кез келген уақытында полиция қызметкерлері жүгінген азаматтарға уақытылы көмек көрсетеді. Қылмыс жасаған адамдарды анықтау үшін учаскелік инспекторлардың, жедел уәкілдердің және басқа да полиция қызметтерінің күштері жұмылдырылады.

2020 жылғы 29 тамызда сағат 22.00 шамасында Ұзынкөл ауданының полиция бөліміне Г.Садвакасова велосипед ұрлығы фактісі бойынша арызданған. Бес минут ішінде қылмыс жасалған жерге жедел-тергеу тобы келді, олар бейнебақылау жүйесін қолдана отырып, ізін суытпай осы қылмысты ашып, ұрланған затты иесіне қайтарды. Велосипед иесі Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтың атына алғыс хат жазып, полиция қызметкерлеріне полицей Берік Шаруановқа, полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Шыңғыс Қашановқа, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция старшинасы Санандык Жәкеновке жедел іс-әрекеттері мен кәсіпқойлығы үшін алғысын білдірді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру