Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Анықтау қызметіне 29 жыл толды

Биыл анықтау қызметіне 29 жыл толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің жүйесіндегі анықтау қызметі өз кезегінде қатаң сынақтардан өтті. Оның қайта құрылуы – соның дәлелі. Дегенмен өмір өз түзетулерін енгізді, Ішкі істер органдары құрылымында анықтау қызметінің өте қажет екендігін айқындай отырып, онсыз қоғамдағы келеңсіз көріністермен күресті күшейту және заңнаманы нығайту мәселелерін шешу мүмкін емес екенін көрсетті. Сондықтан ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 253 ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы бұйрығына сәйкес, ІІМ жүйесінде Анықтау басқармасы қайта құрылды.

Тарихқа тоқталатын болсақ 26.06.1991 жылы ҚР Жоғары Кеңес президиумының жарлығымен және ҚР ІІМ-нің 06.09.1991 жылғы №242 санды бұйрығымен штаттық анықтау қызметі құрылып, ІІМ жүйесінде алдыңғы қатарда халыққа қызмет атқарып келеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ Анықтау басқармасын полиция полковниктері Б.Отыншиев, А.Күнекеев, Б.Зиятаев, С.Майлыбаев, А.Алекешевтер басқарды.
 2020 жылдан бастап, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасын полиция подполковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлымен оның орынбасары полиция подполковнигі Құралбаев Исфандияр Төлегенұлы  басқарып келеді.

     

Бүгінгі таңда штаттық анықтау қызметіне еліміз егемендік алғаннан бері 29 жыл толып отыр.

Осы уақыт ішінде анықтау құрылымы айтарлықтай нығайып, кәсіби шыңдалып, алға қойылған міндеттерін айтарлықтай жақсы атқарып келеді. 

Анықтау қызметінің алға қойған қызметі мен негізгі міндеттері, қылмыстық  құқық бұзушылықтарды тез әрі толық тергеп-тексеріп, кінәлілерді әшкерелеп, қылмыспен келтірілген шығынды өндіру үшін шаралар қабылдап, заңдылықпен құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлесін қосуда. 

Қазіргі таңда Анықтау басқармасының аппараты екі бөлімнен тұрады: аймақтық бақылау бөлімі және жол көлік оқиғаларын тергеу бөлімі. Аталған бөлімдерде жалпы жеті анықтаушы қызмет атқарады. Жалпы Шымкент қаласының Полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармаларымен қосқанда  66 қызметкер жұмыс атқарады.
Биыл жыл басынан, жалпы анықтаушылармен 1080 қылмыстық іс сотқа жолданып /2019 жылы 898 іс болған/ яғни 182 іске артық жолданған. Оның ішінде сотқа дейінгі жеделдетілген өндіріс хаттамасымен 470 іс /2019 жылы 441 іс болған/ яғни, 29 іске артық жолданған. Бұйрықтық өндіріспен 32 іс сотқа жолданған /2019 жылы 7 іс болған/ яғни, 25 іске артық жолданған. Хаттамалық нысанмен 463 іс сотқа жолданған /2019 жылы 327 іс болған/  яғни, 136 іске артық жолданған.

 Қылмыстық істерді сотқа жолдау саны жағынан, Республика көлемінде алдыңғы қатардың бірінде.  

Анықтау басқармасының анықтаушыларымен, қоғамдық дүрбелең тудырған абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғалары тергеледі. Мысалы, 27 наурыз сағат 22.00 шамасында, «Забадам» тұрғын алабы, Саттарханов көшесі бойында орналасқан «Baldai barmak» дүкеніне қарама-қарсы жерде белгісіз жүргізуші анықталмаған көлік құралымен велосипед жүргізушісі «Забадам» тұрғын алабының тұрғынын қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған оқиға 28 наурыз ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен, ҚР ҚК-нің 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. 

Анықтаушылармен жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Х. есімді азамат ұсталып, ҚР ҚПК-нің 131-бабының талабына сәйкес, қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданып, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен күдікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алдымызға қойған өте маңызды міндет – Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарымен бостандықтарын сақтау мақсатында, адал қызмет ету. 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру