Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

STOP-трафик: Павлодарда жедел уәкілдер жеңгетайлықпен айналысатындарды ұстады

10-12 қыркүйек аралығында Павлодар облысының аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде, жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық, қоғамдық орындарда мазалау және біле тұра жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беру фактілерін анықтады. Сонымен қатар, есепке бір жеңгетай және үш жезөкше қойылды.

– Қаладағы қонақ үй кешендерінің бірінде «жеңіл жүрісті қыздарға» қамқоршылық жасау фактісі орын алды. Жедел уәкілдер 36 жастағы күзетші ақшалай сыйақыға бір ер азаматқа 33 жастағы Павлодарлық қызды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтады. Енді күзетші осы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді, ал интимдік қызмет көрсеткен қызға қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 449-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді криминалдық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Денис Лоскутов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру