Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«STOP-трафик»: Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен қыздар анықталды

Ақтөбе облысы аумағында 10-12 қыркүйек аралығында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында пәтерлерді жалға беретін адамдар, ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар мен қонақ үйлер, сондай-ақ ұрлықпен, бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты қылмыстарды ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілері тексерілді.

Жалпы, «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы негізінде облыс бойынша адам саудасының1, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстаудың – 1, қоғамдық орындарда тиісудің – 16, жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай берудің екі дерегі анықталды.

Сонымен қатар, бір сутенер және 15 интимдік қызмет көрсететін қыз анықталып, есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру