Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде дүкеннен ұялы телефон ұрлаған ер адам анықталды

Ақтөбеде дүкеннен ұялы телефон ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек күні сағат 13.30-да Әбілқайыр хан даңғылындағы үйде орналасқан дүкендегі үстелден белгісіз адам дүкен әкімшілігіне тиесілі “IPhone 10” смартфонын жасырын ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрады.

Патрульдік полиция қызметкерлеріізін суытпайАқтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнекамерасының көмегімен 39 жастағы ақтөбелікті анықтап, ұстады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлықбойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты азаматтарды өз мүлкіне мұқият болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру