Алматы облысының колониясында жаңа кәсіпорын ашылды
Алматы облысындағы ЛА-155/12 мекемесінде жаңа кәсіпорын ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының дамуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі, ол құқық қорғау жүйесін толықтай реформалау болып отыр. Сотталғандарды тәрбиелеу, оларды қоғамға қажет тұлға ретінде қайтару мәселесі Елбасымыздың Ұлт жоспары «100 нақты қадамында» көрсетілген. Бүгінде, осы жоспарды жүзеге асыруға Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан барынша орындауға тырысуда.
Мемлекет пен жеке кәсіп арасында достық көпірін орнату мақсатында жеке кәсіпорындарға арналған жарнамалау, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде, мекемеде жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Нарыққа ұсынылатын тауарлар да сан түрлі.
Жақында ЛА-155/12 мекемесінде «Q-Recycling» ЖШС сотталғандарға жұмыс орнын ұсынды, дәл осы кәсіпкер 11 сотталғанға жұмыс орнын беріп, жаңа өмірге деген үміт сыйлады.
Бұл кәсіпорын еліміздің нарығына қоқыстарға арналған жәшіктерді ұсынады. Аталған тауарға нарықта ұсыныс көп, демек кәсіпорынның біраз жылға дейін сотталғандарды жұмыспен қамтитындығы анық. Болашақта жұмыс орнын ұлғайту жоспарланып отыр.
- Жалпы мекемедегі сотталғандардың 55% жұмысқа бейімді. Бүгінгі күде оның 42%-ы ғана жұмыспен қамтылған. Еңбектеніп, адал нанын тауып, түзу жолға түскісі келетін сотталғандар көп, тек жұмыс орны тапшылық болып тұр. Осы орайда, мекемеде кәсіпорын ашуға барлық мүмкіндіктер бар, сондықтан, осы мақаланы оқып отырған оқырмандардың ішінде кәсіпорын ашуға құмар жандарды бізге шақырамыз! Темір торға түскен, түзу жолдан адасқан адамдарға көмек қолын созайық, олардың өмірге деген құштарлығын оята білейік!, – деді аймақтық департамент бастығы Серік Абдикаримов.