Егде жастағы адамға шабуыл жасаған қарағандылық жауапқа тартылуда
Қарағанды облысы теміртаулық полиция қызметкерлері егде адамға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкенге тоқтап, көлігінен түсе берісте белгісіз азамат кенеттен шабуыл жасап қолындағы әмиянын тартып әкеткендігі туралы арызданған. Азаматтың әмиянында сонымен қатар 35 мың теңге ақша болған.
Оқиға кенеттен болғанына қарамастан жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған күдіктінің бет-бейнесін есінде сақтап қалған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында, жәбірленушінің суреттеуімен 26 жастағы күдікті ұсталды. Одан айғақ заттар тәркіленіп алынды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.