Петропавл тұрғындарының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Алаяқ өзін жұмыс беруші ретінде таныстырып, онлайн-несие алу үшін солтүстік қазақстандықтардың жеке деректерін біліп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазір осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Петропавл полицейлері сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын сотталған күдіктінің алдауына түскендердің нақты санын анықтауға көшті. Ұсталған азамат қамауға алынды.
Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол интернет-ресурста әртүрлі танымал сайттарына жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар орналастырған. Ол қоңырау шалушыларға жеке деректерін, оның ішінде карта нөмірін көрсетуі керек болатын келісімшартты толтыруды ұсынған. Алынған ақпараттың көмегімен ол несие алу үшін әр түрлі шағын несиелік ұйымдарға жүгінген. Несиелік қаражат оларды пайдаланатындардың карточкаларына аударылған кезде, ол ақшаны өзінің болашақ қызметкерлерін алдау үшін әртүрлі оқиғалар ойлап тапқан. Мысалы, алаяқ өзінің жұмыстан шығарылған қызметкеріне есепшоты болмағандықтан ақша аудара алмайтынын айтқан. Осылайша, ол карточка иелерінен есепшоттағы ақшаны киви-әмиянға аударуды сұраған. Аударылған қаражат 160-тан 220 мыңға дейінгі соманы құраған.
– Онлайн-несиеге қатысты осындай фактілер бұрын да тіркелген. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, бірақ адамдар өздерінің дербес мәліметтерін ұсына отырып, алаяқтардың қармағына түсе береді. Олар төлемдер бойынша берешектің болуы туралы хабарлама ала бастаған кезде ғана несиенің ресімделгені туралы біледі. Осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін телефон, интернет-ресурстар арқылы кез-келген мәліметтерді ұсынбаған абзал. Мұндай алаяқтық операциялардың негізгі құралы, фактілер көрсеткендей, сіздің картаңыздан үшінші тұлғаның шотына ақша аудару болып табылады. Бұл қандай жағдай болса да жол берілмеуі тиіс, – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы Жандос Мұхатов.