Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жеке құрамының қатысуымен Жолдаудың басым бағыттары бойынша түсіндірме жұмысы өтті
Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жеке құрамының қатысумен Жолдаудың басым бағыттары бойынша түсіндірме жұмысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қырүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміз үшін аса маңызды мәселелерді атап өтті.
Елбасы Жолдауының басымдықтары бойынша 15 қыркүйекте Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев Қарағанды қаласының ПБ ғимаратында Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жеке құраммен кездесу өткізіп, Жолдаудың басым бағыттары бойынша түсіндірме жұмысын өткізген болатын.
Кездесуде алғашқы сөз бастаған полиция полковнигі Қ.Әлиев Жолдауда айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидаты полиция қызметінің жұмысына жаңа бағыт беретінін айта етіп, халықпен ашық түрде тілдесу, жұртшылықтың сеніміне ие болу, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстарды көрсету және қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір полиция қызметкерінің басты мақсатына айналғанда ғана полиция жұмысының нәтижелі болатынына тоқталып өткен болатын.
Ол өз сөзінде: – Мемлекет басшысы өз Жолдауында құқық қорғау органдары саласына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларды орындау үшін ішкі істер органдарының қызметкері ең алдымен білімді, кәсіби маман, берген Антына адал, берілген жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, өз елінің патриоты, абыройлы болуы тиіс, – деп атап көрсетті.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, Жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, жеке ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесуді қортындылай келе Қарағанды қаласының ПБ бастығы Д.Кожахметов мемлекеттік маңызы бар құжатта көрсетілген барлық тапсырманы уақытында орындау үшін Қарағанды қаласы ішкі істер органдарының қызметкерлері бар күш жігерін жұмсайтынын айтып өтті.