«Жедел әрекет ету» арнайы чатының тиімділігі мол
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығы былтыр құрған «Жедел әрекет ету тобы» құқықбұзушылыққа қатысты тиісті шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – саламатты қоғам құру үшін маңызды шарт. Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығы Ералы Жұмаханбетов былтыр «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдасы аясында республикада алғаш рет әлеуметтік желіде арнайы «Жедел әрекет ету тобын» құрған болатын. Жаңа дүниені жатырқамай, қайта қоғамдағы құқықбұзушылықпен заңға томпақ фактілер жайында жазылып, жылдам әрі тиімді өз шешімін тауып жатыр.
«Жедел әрекет ету тобын» құрудағы басты мақсат – үшінші мегаполис халқының мұң-мұқтажын анықтап, тиісті шаралар қабылдау. Арнайы топтың әлеуметтік желідегі белсенділігінің арқасында Шымкент қаласында бүгінге дейін көптеген құқықбұзушылықтың алдын алуда біршама ілгерілеушілік бар. Топ құрамындағы белгілі БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері соңғы 10 айда 1500-ден аса фотоайғақтарды ортаға салып, талқылап, тиісті шешімдердің қабылдануына ықпал еткен. Полицейлер фото және видеоайғақтармен жұмыс жасауда аталмыш топтың материалдарын пайдаланады. Айта кетерлігі, мұндай арнайы топты республика көлемінде Шымкент қаласы алғаш болып жасақтады.
Сонымен қатар, «Жедел әрекет ету тобының» жұмысы жергілікті халықтың полицияға деген оң көзқарасы түзуілуіне де ықпал етуде. Бұл топ жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Топ қатарына жаңадан қоғам белсенділері қосылуға өз ниеттерін білдіруде. Қауіпсіз қала атану барысында Шымкент қаласына дәл осы сынды нәтижелі жобалар қажет-ақ. Әр жетекші мен басшы салалар бойынша тиімді әрі халықпен кері байланысты жолға қойса, көп мәселенің түйіні тарқамақ.