Көше қиылыстарында үш ауысымды полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларының арасында жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырағы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен қала аумағындағы 48 көше қиылыстарында үш ауысымды полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылып, нәтижесінде қалаішілік жолдарында көлік кептелісінің орын алуын болдырмау бағытында жұмыс жүйеленген. Сондай-ақ тұрғындарды жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру мақсатында үнемі профилактикалық шаралар жүргізіліп келеді. Яғни жолда жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін арттыру бойынша түсіндірме, арнайы-ақпараттық жұмыстар қолға алынған.