Ұялы телефондардың заңсыз саудасы – полицияның назарында
Шымкенттік тәртіп сақшылары А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Гарант» сауда үйінің алдында рейдтік іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаладағы бұл аумақ ұялы телефондардың заңсыз саудасымен белгілі.
Осыған байланысты Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының №17 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен аталған аумақта биылғы жылдың 1 қазанында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен – 10, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен -15, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен –10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ, бұл аумақты Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен қатаң бақылауға алынған.