Ақтөбеде жол – көлік оқиғасы орын алды
Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
05 қазан күні «Самара-Шымкент» тас жолының 965 шақырымындағы Қарабұтақ кентінің маңында «Лада-21703» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының жылдамдығын азайту бойынша шаралар қабылдамай, рөлді иегере алмау салдарынан автокөлігімен жолдың сол жағына аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Әйтекеби ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені анықталды және оған биылғы жылдың тамыз айында ҚР ӘҚБК-нің 612-бабының 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұл салынған.
Қазіргі таңда аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.