Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда

Шымкентте Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру мақсатында халықпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оларға нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік беру керек. Ол азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі тарапынан ішкі істер органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта учаскелік инспекторлардың жалақыларын және лауазымы бойынша шекті арнаулы атақтарын көтеру көзделуде. Тиісінше учаскелік инспекторға артылар жүк те жеңіл болмайды. Бұл реформа учаскелік полиция қызметінің қоғам игілігі үшін қызмет атқаруы керектігін айғақтайды. Азаматтармен өзара ашық диалогты қалыптастыру мақсатын көздейді.

«Президент пәрменін орындау үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы ретінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдап келемін. Тек, пандемия кезінде бұл кездесулер уақытша тоқтаған болатын. Осы аптада учаскелік полиция инспекторларының жұмысын саралау мақсатында жергілікті халықпен кездесуді бастадым. Алғаш Әл-Фараби ауданынан басталған кездесу сақтық шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды. Қоғамның қауіпсіз өмірін қамтамасыз етуде, өзіне бекітілген аумақтағы тұрғындардың отбасылық жағдайын білуі, түрлі құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу үшін тиісті,  әрі заңды шараларды қолға алу учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеті. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу оңай емес. Бұл ретте тұрғындар тарапынан да қолдау қажет. Осы мақсатты көздеген кездесу өз миссиясын орындады деп толық айта аламын. Себебі, тұрғындар өз ойларын ашық айтып, бірлесе «Қауіпсіз қалада» өмір сүруге атсалысатынын жеткізді. Осы кездесуге келген әрбір тұрғынның пікірі тыңдалып, олармен кері байланыс орнады. Бұл бір күндік емес ұдайы ұйымдастырылатын шара екенін айтқым келеді»,- деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру