Шымкенттік полицейлер алты автокөліктің терезесін сындырған жасөспірімді ұстады
Шымкентте автокөліктердің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін ұрлаған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қазанда полицияға Нұрсат шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің біріндегі көлік тұрағында тұрған 6 автокөліктің терезелерінің сындырылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2006 жылы туған жергілікті тұрғынды анықтады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.