Қызылорда тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді
Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Ершохаев Қызылорда қаласының Полиция басқармасына келіп, полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамыз күні аталған азамат Маржан есімді азаматшаның үй алып беремін деп алдап, өзінен 600 000 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргені туралы Полиция басқармасына арызданған.
Басқарманың аға анықтаушысы Әлимұрат Әбдіқаппаров қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинақтап, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп, қылмыстық істі сотқа жолдаған. Сот үкімімен жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен өндірілген.
Жәбірленуші азамат Нұрсұлтан Ершохаев Қызылорда қаласының Полиция басқармасы анықтау бөлімінің басшылығы мен аға анықтаушысы Әлимұрат Әбдіқаппаровқа кәсіби шеберлігі үшін өз алғысын білдірді.