Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында мас күйде болған 210 адам жауапқа тартылды

Шымкентте "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазан мен 1 қараша аралығында қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесімен қала аумағында 47 қылмыс тіркеліп, оның 39 ашылған, ашылу пайызы 83% құрады. 

Жедел қызмет саласы бойынша:

- бұрын жасалған қылмыстардың ашылғаны - бір; 

- іздеуде жүрген қылмыскерлердің біреуі ұсталды;

- "нелегал" тізімінде тұрған бір адам ұсталды;

- тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша төрт дәйек анықталды; 

- есепте тұрған адамдар тарапынан қойылған шектеулерді бұзудың алты фактісі анықталған, оның ішінде мерзімінен бұрын бостылғандар - төрт,  ерекше талаптарды бұзғандар - екі;

- деструктивті діни ағым ұстанатын - 234 адам тексерілген, оның ішінде деструктивті діни ағымды ұстанушы жаңадан бес адам анықталды;

Профилактика саласы бойынша:

Жалпы анықталған әкімшілік құқық бұзушылық саны - 1024.

Оның ішінде:

Қоғамдық қауіпсіздік саласында: 

-  ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) бойынша - бес;

- ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК 200-бабы) бойынша - төрт;

- ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша - 231;

- тыныштықты бұзу  (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша - 53;

- қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша - 210;

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша - 84;

- қорғау нұсқамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК 461-бабы) - төрт;

- әкімшілік қадағалауды бұзу (ҚР ӘҚБтК 480-бабы) бойынша - екі;

- ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) - 113;

- қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) - 174;

- жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша - 113;

- ЖПІШ барысында қабылдап тарату орындарына - 28, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына - 66 азамат жеткізілді.

- Дактилоскопиядан 220 адам өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру