Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен 2,5 миллион теңгенің құралы ұрланды
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен түтін жою қысым тығынының ұрлануы нәтижесінде 2,5 млн. теңгеге зиян келтірілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПИК жұмыскерлері тұрғын үй кешенінің ішкі үй-жайларын тексеру барысында электрмагнитті сымы бар түтін жою қысым тығынының ұрланғанын анықтаған. Егжей-тегжейлі тексеру барысында тұрғын үйдің төрт кіреберісінен жалпы сомасы 2 588 640 теңгені құрайтын 32 дана қысым тығынның ұрланғаны анықталған.
ПИК өкілдері полицияға шағымданды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтаған. Екеуінің біреуі бұрын құрылыс объектісінде жұмыс жасағаны, яғни жоғарыда аталған қысым тығындарды орнатумен айналысқаны анықталған. Сонымен қатар жоғарыда аталған адам қысым тығынның құнын, оны шешіп алу әдісін біліп, танысымен бірге ұрлық жасауды көздеген.
Осылайша, елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірін таңдап, өз ойларын іске асырған. Сыбайластар ұрлықты төрт күн бойы жасаған. Күдіктілер өз кінәларын мойындаған, сонымен қатар ұрланған заттарды сатып үлгермегенін айтқан. Тәркіленген заттай дәлелдемелер иелеріне қайтарылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әректтері жүргізілуде.