Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығына қарсы күреске бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жалғасуда
Шымкенттік полицейлер "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнін қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 16 мен 21 қараша күндері аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша Еңбекші ауданында екі мал ұрлығы қылмысы тіркеліп, ашылды. Сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын тіркелген бес мал ұрлығы ашылды. Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығына қарсы күреске бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жалғасуда.