Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін бұзудың мыңнан аса жайты анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңнан аса жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полицейлері тұрақты түрде карантиндік шараларды бақылау және сақтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Соның нәтижесінде қала аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша 1 047 құқық бұзушылық анықтады.
Олар:

– Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 204;

– Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 55;

– Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 147; 

– Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 333;

– Демалыс аймағы – екі;

– Басқада орындарда – 306; 

– Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін – 284.

Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды.

Тәртіп сақшылары ұдайы тұрғындарға карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал анықталған құқық бұзушылық жайттарына қатысты нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылып, жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру