Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушінің көлігі айыптұраққа қамалды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мас күйінде көлік құралын жүргізген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Еңбекші ауданы бойынша қызмет атқару барысында сағат 04:10 шамасында Ақпан батыр көшесінің бойында «Nexia» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында жүргізуші куәлігін алмағанын айтқан. Сондай-ақ жүргізуші ішімдік ішкені бойынша күдік тудырғандықтан медициналық куәландандырудан өткізу үшін Шымкент қаласы наркологиялық диспансерге жеткізілген. Тексеру барысында азаматтан 1,20 пайыздық ішімдік анықталды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі және 612-бабы 2-бөлігінің талаптарын сақтамағаны бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру