Шымкенттік полицейлер жоғалған азаматты аман-есен үйіне қайтарды
Шымкенттік полицейлер жоғалған азаматты аман-есен үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы хабарлама келіп түскен. Яғни Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1990 жылы туған ұлының хабар ошарсыз кеткені туралы айтып, көмек сұраған. Алғашқыда өз күшімен табуға әрекеттенгенімен онысынан еш нәтиже шықпаған. Аталған жайт бойынша шұғыл жедел-тергеу тобы іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Аманат Ғалиден азаматты аман-есен тауып, үйіне жеткізген.