Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік жуу орнында ұрлық жасалды

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның автокөлік жуу орнында жұмыс істеп, демалатын бөлмеден әріптестері қалдырып кеткен құны 60 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонды көргені анықталды.

Телефонды ұрлап алып, оны танымайтын адамға қолдан өткізген.

Ер адам мойындау айғағын берді, заттай дәлелдемелер алынды, оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытып, құнды заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру