Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заттарды тасымалдау кезінде ұрланған теледидар иесіне қайтарылды

Елордада заттарды тасымалдау кезінде ұрланған теледидар табылып, иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы үйдің кіреберісінде қараусыз тұрған теледидарды ұрлап кеткен.
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстады.

Тергеп-тексеру барысында оның тәуліктің күндізгі уақытында тұрғын үйдің кіреберісінде болып, 1-қабатта көшу үшін дайындап қойған заттардың тұрғанын көргені және жанында ешкім қарап тұрмаған сәтті пайдаланып, оның құны 100 мың теңге тұратын “Samsung” маркалы теледидарды ұрлап кеткені анықталды.

Полицияға жеткізілген күдікті мойындау айғағын берді. Ұрланған теледидар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, құнды заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру