Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері ер адамға әмиянын қайтаруға көмектесті

Алматы облысының полицейлері ер адамға әмиянын қайтаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 20 жастағы жігіт «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің жанындағы автожанармай құю станциясында 14 мың теңге соммасындағы ақша салынған әмиянының жоғалғаны жайында жүгінген. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жоғалған сәтте жанармай құйған Жалпақсай кентінің 51 жастағы тұрғынын тез арада тауып, одан 14 мың теңге сомасындағы ақшасы бар әмиянды алып, оны заңды иесіне қайтарды. Жәбірленуші өз кезегінде полицейлердің жедел қызметі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру