Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған банк картасын иесіне қайтарды

Шымкенттік полицейлер жоғалған банк картасын иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралар барысында жоғалған банк картасын тауып, иесіне қайтарды. Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні сағат шамамен 11:00 шамасында “102” сымтетегіне Абай ауданының тұрғыны өзіне тиесілі есеп шотында 15 мың теңге ақшасы болған банк картасын жоғалтып алғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер бейнекамералдардың көмегімен жоғалған картаны кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің тауып алғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары  жергілікті тұрғындардан сұрастыру барысында жасөспірімнің жеке басын анықтаған. Нәтижесінде картасын иесіне қайтарған. Өз  кезегінде банк картасының иесі ешкімге қоятын шағымының жоқ екенін айтып, арызданудан бас тартқан. Осылайша шағым иесі жедел әрекет жасаған полиция қызметкерлеріне рахметін айтып, алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру