Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) коронавирус індетінің алдын алу және болдырмау мақсатында қауіпсіздік шаралары қолға алынуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірінші кезекте мекеменің медициналық бөлімінің дизинспекторы Айгерім Мұстапаева арнайы сала мамандарымен бірге айыпталушылармен сотталғандардың жатын орындарында санитарлық сақтандыруды бастады.
Бұдан кейін, дезинфекция жұмыстары сот залында жалғасын тапты. Мұнда залалсыздандыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, медициналық тазартқыш құралдары орнатылды. Есік-терезенің тұтқалары сынды барлық жерлер хлорланып, дәкемен оралды. Сондай-ақ, сұйық сабындар белгіленген жерлерге қойылды. Гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылды.