Елордалық зейнеткер ұялы телефонды жымқырған
Елордалық зейнеткер ұялы телефонды жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға телефон ұрлығы бойынша дүкен сатушысы хабарласқан. Сатушы бір сәтте сөреден кетіп қалып, қайтып келген кезде, үстелде жатқан гаджеті жоғалып кетті.
Тергеу барысында қарт әйелдің дүкенде болған кезде сатушылардың бір-бірін ауыстырып жатқанын пайдаланып, бағасы 150 мың теңге тұратын ұялы телефонды жымқырып, дүкеннен кедергісіз шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған зейнеткерді анықтап, ұстады. Ұсталған әйел ұрлық жасағанын мойындап, телефонды қайтарып берді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.