Бұрын сотты болған азамат қалта ұрлығын жасады
Қызылорда қаласында бұрын сотты болған облыс орталығының тұрғыны қалта ұрлығын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қаңтарда сағат 18:45 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасына 64 жастағы қала тұрғыны арызданған.
Ол арызында 18 қаңтар күні түскі уақытта қала орталығында орналасқан сауда үйінің жанындағы дүңгіршек ішінде шалбарының қалтасынан қомақты ақшасы бар әмиянының ұрланғандығын көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған 33 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.