Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

23 жастағы азамат есірткімен ұсталды

Жамбыл облысының Сарысу ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізу барысында 23 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны тексеру кезінде «кептірілген марихуана есірткі» заты табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барша азаматтарды, әсіресе жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз. Есірткіге байланысты кез-келген бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, – деп атап өтті Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру