Пробация есебіне алынған сотталған азамат 5 ай бойы жасырынып жүрген
Қызылорда облысы Сырдария ауданының тәртіп сақшылары пробация есебінде тұрған 55 жастағы сотталған азаматты 5 айдан кейін іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған азамат 2018 жылы есірткі қылмысы бойынша сотталған. Кейіннен оның жазасы жазаның жеңіл түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу қарастырылған.
Соңғы уақытта өзіне тағылған айып бойынша жазаға мойынұсынбаған азаматқа іздеу жарияланды.
– Есірткі қылмысына қатысы бар азаматты облыс аумағынан бес ай бойы іздестірдік. Ақырында 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен таптық. Бұл ретте криминалдық полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Қазіргі уақытта қашқын қамауға алынды, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ә.Қанзадаев.