Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған азамат қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген

Қызылорда облысында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам автокөлікті масаң күйде басқарып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қаңтар күні түнгі сағат 02:30-дар шамасында полиция қызметкерлері “Нексия” маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпсіздік белдігін тақпағандығын анықтаған.

Тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 29 жастағы азаматтың спирттік ішімдік ішкені анықталды. Полиция қызметкерлері медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жүргізушіні наркологиялық орталыққа мәжбүрлеу арқылы жеткізген.

Бұдан басқа аталған азаматтың сот шешімімен осыған дейін көлік құралын жүргізу құқығынан бес жылға айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіргенін атап өткен жөн.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру