Шымкентте дүкенді тонап кетті
Шымкент қаласында үш жігіт дүкенді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 қаңтарында сағат 6:30 шамасында 102-арнаға Асқаров көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенін тонап кеткені туралы қоңырауы түсті.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының және үйлестірілген іс-қимылының арқасында бірнеше тәулік өткен соң, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде олардың барлығы анықталып, ұсталды. Олар 2001, 2002 және 2003 жылы туған Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындары.
Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер барлық қажетті айғақты заттарды жинап, тәркілеп қойды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.