Алматыда полиция 1 мың 500-ге жуық шетелдіктерді тексерді
Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде полиция 1 мың 500-ге жуық шетелдіктерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске салайық, ЖАІ 14 қаңтарда басталды. Ол Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
– Рейдтер кезінде шетелдіктердің болу нысандары және олардың уақытша тұру орындары тексерілгенін атап өткім келеді. Жалпы алғанда, осы күндері көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өзге елдің 1 мың 417 азаматын тексерді. Нәтижесінде 57 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтау мақсатында 70 шетелдік азамат ПД қабылдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, біздің отандастарымыздың ішінен қабылдаушы 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы төрешілерінің шешімдері бойынша көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 11 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Құқық бұзушылар қатарында 2004 жылдан бері Қазақстанда заңсыз жүрген және осы фактіні мұқият жасырған 1962 жылы туған Пәкістан азаматы бар.