Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте терезесі күңгірттелген жеңіл көлік иесіне хаттама толтырылды

Шымкентте терезесі күңгірттелген жеңіл көлік иесіне хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. 

Мәселен, 24 қаңтар күні 01:00-ден 09:00-ге дейін аралығында Абай ауданы бойынша Патрульдік полиция полкінің 8-рота қызмет инспекторалары қызмет атқару барасында терезесі күңгірттелген жеңіл көлікті тоқтатады. Яғни сағат 02:40 шамасында Жиделі байсын көшесінің бойында, “Toyota” маркалы автокөліктің алдыңғы терезесі күңгірттеуіне байланысты тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК 590-бабының 10-тармағына негізделе отырып хаттама толтырылған. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі автокөліктің терезесін күңгірттеу екенін айта өтіп, жол қозғалысының барша қатысушыларын жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру