Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 439 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде 439 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында қала аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілді.
Үш күн жалғасқан іс-шараның нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 439 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда,
– ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 31;
– ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзу) – 40;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 23;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (Рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 42;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 53;
– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 103;
– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 65;
– Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу (Айыптұраққа қою) – бір;
– Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары – үш; өзге де құқық бұзушылықтар.