Шымкентте ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасының қатысуымен кездесу өтті
Шымкент қаласында ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамовтың қатысуымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында 2021 жылдың 10 ақпанында Шымкент қаласы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамовтың қатысуымен кездесу болды.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов пен жеке құрам қатысты. Кездесуде Қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстары мен өткен жылғы жұмысының қорытындыларына тоқталып өтті. Жалпы, Қоғамдық бақылау нәтижелері – Ішкі істер министрлігі әзірлеген құқықтық актілердің қоғамдық сараптамалары, ішкі істер органдары қызметінің проблемалық мәселелері және халық үшін өзекті мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, сондай-ақ Министрліктің бөлімдеріне қоғамдық мониторинг болып табылады. Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде Қоғамдық кеңес мүшелері бейнеконференция режимінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау туралы есебін тыңдады.
Кеңес төрағасы Марат Қоғамов жеке құрамға Кеңестің жұмысы, заңдылық пен тәртіп туралы заңнамаға енгізілетін алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттарды жеткізді.
– Кеңес қызметі Ішкі істер министрлігі, ҚР Парламенті, АжҚДМ, саяси партиялар, республиканың адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, басқа да заңды тұлғалардың, сондай-ақ халықаралық, ұлттық құқық қорғау ұйымдарының қызметтерімен тығыз серіктестікте және өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Кеңес мүшелері ғылыми форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер жұмысына және мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына белсенді қатысуда, – деп атап өтті Кеңес төрағасы Марат Қоғамов өз сөзінде.
Кездесу аяқталған соң департамент бастығы Ералы Жумаханбетов қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамовпен аудандық Полиция басқармаларына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.